КӨПТІҢ ТІЛЕГІ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Парламент депутаттарының өңірлерге кезекті сапары аясында қала тұрғындарымен кездесулері жалғасын тапты. Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының фракция мүшесі Ғани Ташқараев Ақжар елдімекенінде болып, жергілікті тұрғындармен кездесу өтті. Жиынға көшбасшы партияның Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшы орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов қатысты.

Ақжарлықтар мәжілісменге бірқатар түйіткілді мәселелер бойынша сауал жолдап, тиісті жауаптарын алды. Мәселен, аталмыш тұрғын алаптың байырғы тұрғыны Сапар Төлегенов үшінші шаһардың қоқыс полигонынан жергілікті халықтың «тұншығып» жатқанын жеткізді. Оған қоса жаз маусымында қоқыс өртеніп, көк түтіннен көз ашпай қалатыны тағы бар. Тұрғын алаптағы тағы бір өзекті мәселе жаңа мектеп құрылысы екені де осы жиында айтылды. Халық саны күн санап артуда. Балалар Ақжардағы жалғыз мектепте үш ауысыммен оқуға мәжбүр.

— «Бүгін кездесуде түрлі әлеуметтік мәселелер көтеріліп отыр. Халықты мазалап жатқан сұрақтардың басым бөлігі қоқыс мәселесі болып тұр. Жоспарға сәйкес елміздің 6 өңірінде қоқыс өңдеу зауытын салу қажеттігі күн тәртібінде. Алдағы күндері үшінші қаладағы полигонға барып өрттің шығу және оны сөндіру мәселесі бойынша «Green Line» ЖШС басшылығымен кездесу өткізуді жоспарға қосып отырмын. Сонымен қатар, Ақжар елді мекенінде тұрғындар саны жылдан жылға артып келеді. Сәйкесінше балалардың да саны артып, мұндағы жалғыз мектепте оқушылар үш ауысымда оқуға мәжбүр. Осы мәселеге қатысты қалалық білім басқармасының басшысымен және аудан әкімімен келісіп, жаңа мектеп құрылысына жер бөлу бойынша сұрақтың шешімін қарастырамыз» — деді Ғани Әбдіғаниұлы.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.