Күлкі — көңілдің ажары
Сұрақ:
— Кімнің ұсынған тауары арзандау: өндірушінікі ме, әлде делдалдыкі ме?
Жауап:
— Қарауылдыкі.
Кеше түнде мен күйзеліске ұшырап, «сенім телефоны» бойынша дағдарыс орталығына қоңырау шалдым. Ондағылар менің қоңырауымды Сирияға бағыттап жіберді. Мен өз-өзіме қол жұмсағым келетінін айттым. Олар қатты қуанып кетті де, менен «Жүк көлігін жүргізе аласың ба?» деп сұрады. .
Сыныптастар 20 жылдан кейін кездесіп тұр.
— Сонымен, жұмыс қайда, бауырым?
— Қауіпсіздік комитетінде.
— Қой-ей, тірі ҰҚК қызметкерін бірінші рет көріп тұрмын. Онда немен айналысасыңдар осы?
— Қысқаша айтайын: өміріне риза еместермен айналысамыз.
— Өміріне риза адамдар да бар ма не?
— Бар, бірақ олармен Жемқорлықпен күрес басқармасы айналысады.
— Балақай, әкең үйде ме?
— Ал сіз кімсіз? Менің білуім керек!
— Оны қайтейін деп едің?
— Егер сіз салық комитетінен болсаңыз, онда әкем бізді асырау үшін көшеден бөтелке жинауға кетті. Егер әкем қарыз болып қалған Жақан ағай болсаңыз, онда оны екі күн бұрын жерлеп тастағанбыз. Ал егер қарызын әкеліп тұрған Сәкен досы болсаңыз, онда әкем үйде….