Күлкі — көңілдің ажары
Әйелі бір күні күйеуінен:
— Сен мені сүйесің бе? — деп сұрапты.
— Әрине, сүйемін.
— Мен өліп қалдым дейік. Бұл дүниеде жалғыз жүрмейтінің анық, басқа бір әйел алатын шығарсың. Сонда менің киімдерімді оған кигізесің бе?
— Ой, оған сенің киімдерің үлкен болады…
Жаңа орыс Қазақстанда сағатына 250 км жылдамдықпен аңыратып келеді. Кенет қазақтың маишнигі тоқтатады:
— Қымбаттым, неге ереже бұзамыз осы? Енді қазақша түсініктеме жазуыңа тура келеді.
— Мен қазақша білмеймін ғой!
— Онда осында қаласың…
Орыс ойланып тұрып-тұрып, 50 долларды қағазға орайды да, инспекторға береді. Маишник:
— Міне, жазу білмеймін дейсің, жартысын жазып қойыпсың ғой!?
Көп жыл көлік жүргiзген бiр кісі бiрiншi рет оң жақ рульдi жаңа көлік сатып алыпты. Одан досы сұрап жатыр:
— Ал, қалай? Көлігің жақсы ма екен?
— Жақсысы жақсы ғой, тек әйелiмнiң бетiне түкiрiп қоя берем…
— Таңертеңмен тұра салып компьютердің алдына отырамын, жұмысқа келіп компьютермен жұмыс істеймін, үйге қайтып келгенде қайтадан компьютерді қосамын. Шынымды айтсам, өзімді компьютердің бір бөлшегі сияқты сезініп жүрімн. Мүмкін, мен флешка шығармын…