Куркума тісті ағартады

Бұл дәмдеуіштің түсі ашық сары болғанымен, оның керемет ағартқыш әсері бар. Сондай-ақ, ол тістегі қақтарды кетіріп, ауыз қуысындағы бактерияларды өлтіреді және тіс эмаліне керемет күтім жасайды. Куркуманың құрамында тіс эмалін жұқартатын және тіс өңезін күйрететін заттар жоқ.
Тіс ағартқыш құралды жасау үшін бізге 1 ас қасық зәйтүн майы немесе су және 1 шай қасық куркума қажет болады. Куркуманы маймен немесе сумен жақсылап араластырыңыз да, осы қоспаға тіс ысқысын батырып алып, тісіңізді әдеттегідей жуыңыз. Бірақ, ысқылап болған соң бірден шайып тастамай, куркуманы ауызда 3-5 минуттай ұстап тұрыңыз. Сосын сумен жақсылап шайыңыз.

Есіңізде болсын, күткен нәтижеге жету үшін тісті куркума қоспасымен күніне екі рет: таңғы ас алдында және ұйықтар алдында жуу керек.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.