ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ұйымдастыруымен Түркістан қаласында «Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама» тақырыбында семинар өткізу жоспарлануда.
Семинар сарапшылары — Қазақстандағы парламентаризмді дамыту Қорының президенті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының штаттан тыс кеңесшісі, Республикалық арнайы мониторингтік тобының орынбасары — Батталова Зәуреш Қабылбекқызы мен Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының еркін Заңнама институтының ғылыми жетекшісі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі, адвокат — Ғабдуалиев Мереке Тлекұлы болады.
Егер Сіз, семинарға қатысқыңыз келсе, төменде көрсетілген нөмірлерге хабарласу арқылы алдын ала жазылсаңыз болады.
Қыдырбай Қасиет — +7708-123-50-29, Көлбай Дәулет- +7777-959-59-54