ҚЫЗЫҚТЫ МӘЛІМЕТТЕР
* Құс жолындағы жұлдыздардың саны біздің ғалам-шарымыздағы ағаштардың саны-нан әлдеқайда аз. Дәлірек айтқанда, жұлдыздардың саны – небәрі 400 миллиард болса, ағаштар – 3 триллион!
* Швецияда ең жиі кездесетін есімдердің ішінде Карлсон 3-ші орында.
* Макдональдста секундына 75 бургер сатылады.
* Адам жөтелген кезде сыртқа шығатын ауаның жылдамдығы сағатына 900 шақырымға жетеді. Ал дауыл кезіндегі ауаның жылдамдығы әдетте сағатына 200 шақырымнан аспайды.
* Жер бетіндегі ең жоғары IQ көрсеткіші американдық жазушы және журналист Мэрилин Савантқа тиесілі. Оның көрсеткіші – 228.
* Ірі қалалардың тұрғындары өз өмірлерінің орташа есеппен 6 айын бағдаршамның жасыл түсін күтумен өткізеді.
* Еуропалықтардың неден қорқатынын білесіз бе? Әртүрлі соғыстар мен апаттардан бөлек, 28%-ы адамдардың клондалуынан, 5%-ы ақпараттың көптігінен және 1%-ы бөгдеғаламшарлықтардың шабуылынан қорқады екен.
* Жер бетінде әрбір секунд сайын 200-ге жуық найзағай ойнайды.
* Сауалнама нәтижесі бойынша, егер әйелдері отбасын асырай алса, еркектердің 73%-ы тек үй шаруашылығымен айналысуға дайын.