Лаңкестік (терроризм)

Бұл ұғым XVII ғасырдағы француз революциясынан кейін кеңінен қолданыла бастаған. Адам жанын түршіктірер қатыгез зұлымдыққа толы лаңкестік әрекеттердің формасы да, тактикасы да әр түрлі, олар: кепілге адам алу, қоғамдық орындарда жарылыстар ұйымдастыру, кісі өлтіру, бопсалау, шетелдік елшіліктерге, халықаралық ұйымдардың бас пәтерлеріне шабуылдар жасау, ұшақ жару, қару-жарақ қоймаларын басып алу, т.б.
Статистикалық деректерге сүйенсек, ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында күллі дүниежүзінде 5 мыңнан астам лаңкестік әрекет жасалып, төрткүл әлемде 500-ден астам лаңкестік ұйымдар әрекет еткен екен. Лаңкестердің жаппай қырып-жоятын ядролық, бактериологиялық, химиялық қаруларға қол жеткізу мүмкіндігі — әлемдік қауіпсіздікке зор қауіп төндіретін, күллі адамзат қауымын алаңдататын фактор.
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.