ЛУДОМАНИЯМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТЕТІН ЗАҢ ҚАБЫЛДАУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛУДА – Е.БЕЙСЕНБАЕВ

Қазіргі таңда қоғамдағы түйткілді проблемалардың бірі — лудомания тақырыбы екені жасырын емес. Жастар арасында құмар ойынға қызығып, жаман әдеттің шырмауына түскендердің саны артып келеді. Жастар арасындағы осы және өзге де мәлелелер бүгінгі ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев және қалалық партия филиалының төрағасы Бахадыр Нарымбетовпен өткен кездесуде талқыланды.

Елнұр Сабыржанұлы елімізде еңбекқор, ұқыпты, білімді, белсенді жастардың көп болғанын қалайтынын атап өтіп, жастар мәселесіне айрықша көңіл бөлетінін жеткізді.

— “Біз жастар арасында орын алған проблемаларды шешуге емес, алғышарттары мен себеп­теріне көп мән беруіміз қажет. Себебі, салауатты өмір салты, білім алу, кәсіп пен дағдыларды игеруде айтатын дүние көп. Мәселен, жастар бір саланың мықты маманы болуды емес, барынша жеңіл дүниелермен айналасуды алдыңғы орынға қойып жатыр. Соның алдын алу үшін кәсіби дамуға ден қойғанымыз абзал. Өршіп тұрған мәселенің бірі — лудомания тақырыбы. Себебі, қазіргі таңда еліміздің әрбір бұрышында букмекерлік кеңселер салынып, саны жыл санап артып келеді. Жарнамасына көз де, құлақ та үйренді. Жастар оңай жолмен ақша табуды көздеп, құмар ойынның құлына айналып отыр. Осы қауіпті індетпен күресу шараларын күшейту үшін арнайы заң қабылдау мәселесі қаралуда,- деді Е.Бейсенбаев.

Мәслихат депутаттары, басқарма өкілдері, Жастарды қолдау кеңесі мүшелері, блогерлер, қоғамдық бірлестіктер, жастар ресурстық орталығы, жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары, мәдениет және спорт саласының жастары қатысқан шара еркін форматта өтті. Вейп пен электронды темекінің, құмар ойындардың жастар арасында таралуын тоқтату бойынша пікірлер айтылып, жаман әдетке қарсы күресу үшін бірқатар жобалар ұсынылды. Сонымен қатар, жастар арасындағы жұмыссыздық, әлеуметтік мәселелер қозғалды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.