Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныМәдениет

«Адамзаттың алыбы — ақын Абай»

ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің ұйымдастырумен «Адамзаттың алыбы — ақын Абай «атты фото көрме және мәдени іс-шара өтті.

Ұлағатты сөздері ұлттың ұранына айналған қазақ халқының ұлы ақыны, философ, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына  орай өткен шара Түркістан қаласындағы  «Балауса» лагерінде ұйымдастырылды.

Бүлдіршіндер «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі қорында сақталған Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен шығармашылығына арналған суреттері мен кітаптарынан жасақталған көрмені тамашалады.

Жиынға қатысқан балалар Құнанбай мен бала Абайдың өмірінен көрініс көрсетіп, ұлы ақынның өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ МҰНАРАЛЫ КРАННЫҢ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІНЕ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

admin

Нью-Йоркте Қастеев атындағы өнер музейінің көрмесі ашылды

admin

Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели

admin