Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Орнықты ой, орынды сөз

З.АХМЕТОВА: … адамды реттiлiкке, имандылыққа үйретедi

Тойлардағы шек­­тен шыққан ысы­рапшылдық жай­­лы ойланып көр­дік пе… Тек байлықты, барлық­ты көрсету үшін үстелдің үсті ма­йыс­қанша асқа толтырамыз. Оның ішіп-жеу мүмкіндігі де шектеулі емес пе?! Бір ғана тойда аста-төк тағам түрінің көптігі сонша, кейбір дәмнің шеті бұзылмаған күйі дастарқанда қалады. Оның барлығы, шындап келгенде, қоқысқа тасталады ғой. Дәмнің киесінен қорқатын әр адам күнделікті қоқысқа кетіп жатқан бір жапырақ нанның киесі бар екенін ұмытпаса екен. Мұның бәрі айналып келгенде адамды реттілікке, имандылыққа үйретеді. Қазақтың тыйым сөздерінде этикалық, эстетикалық, адамгершілік, әдептілік, имандылық, та­биғатты қорғау – осының барлығы, яғни тұрмыс-тіршіліктің, қам-қарекеттің барлық саласы жан-жақты қамтылған. Тыйым деген жоққа сену немесе біздің ұлттың ғана шығарғаны емес. Мұның астарында үлкен тәрбие жатыр…

«А»

Ұқсас жаңалықтар

Талғат Теменов: Неге осы салаға келгенде тарылып қалдық?

admin

А.ЖАМАЛОВ, Мәжіліс депутаты: …… жалған жарнама беруiне шектеу қою керек

admin

Елнұр Бейсенбаев, Мәжіліс депутаты: Министрлікте басшы ауысқан сайын реформа жасайды

admin