МАНКЕНТТЕ МАҢЫЗДЫ ІС АТҚАРЫЛДЫ

Сайрамда сансыз істер атқарылып жататынына үнемі куәміз. Тұрғындары еңбексүйгіш ауданның басшылары да іскер. Сондықтан аталмыш аудан  игі жаңалықтың ордасына айналды. 30-тамыз ҚР Конституция күні қарсаңында Манкент ауылында спорт кешені ашылды. Кейбір ауданның орталығында жоқ кешеннің Манкент ауылында ашылғанына көпшілік дән разы. Өйткені бұл спорт кешенінде жасөспірімдерді күрес, воллейбол, футбол, гимнастика, жүзу, бокс, және үстел теннисіне баулитын орындар бар.

Демек, келешекте бір Манкенттің өзінен бірнеше спорт түрінен сайыпқырандар чемпионатқа баруы мүмкін. Екінші қуанышты жайт, жаңа нысанға 20 манкенттік жұмысқа алынды. Олардың орташа жалақысы— 150 теңгені құрайды.

Айтпақшы, жаңа нысан құрылысына 450 миллион теңге жұмсалған.

Манкеттіктердің спорт кешеннің игілігін көре беруіне тілектеспіз.

Сабыржан БАЙБОСЫНОВ

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.