МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Бүгін, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Оспанов Берік Серікұлы Еңбекші ауданы, Қазығұрт аумағының әкімшілік ғимаратында тұрғындармен қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауда болған тұрғындар (соның ішінде көпбалалы аналар, аз қамтылған отбасылар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және ерекше қажеттіліктері бар азаматтар) АӘК, әлеуметтік көмек, денсаулық, тұрғын үй кезегі, несие, жұмысқа орналасу бойынша мәселелер көтерді.

Мәжіліс депутаты қозғалған әр мәселеге байланысты тиісті мекемелерге хабарласып, алдағы уақытта оң шешімін табуға атсалысатынын жеткізді. Және басқада сұрақтар бойынша заң аясында түрлі кеңестер беріліп, мәселелер дұрыс шешімін тапты.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.