МЕКТЕП АШУ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ

Нұрсат шағын ауданында орналасқан «Жас-Дарын-5» атты 300 орындық жекеменшік мектептің құрылысымен танысу барысында қала әкімі Мұрат Әйтенов мектеп ашу жай ғана ғимарат салумен шектелмейтінін, ол үлкен жауапкершілік жүктейтінін жеткізді.

«Балаға білім мен тәрбие беру ол үлкен жауапкершілік. Сіздер сол жауапкершілікті сезініп, сапалы білім беру ісін жоғары деңгейде ұйымдастырып, орта білім беру жүйесінде негізгі тәсілдердің орындалуына баса назар аудару керексіздер. Ең алдымен материалдық-техникалық базамен жабдықталуын және мектептердің дизайны мен ішкі әрлеу жұмыстарына баса мән беріңіздер»,-деді қала басшысы.

Құрылысы өткен жылы басталған нысан жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі.  Жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша қызмет атқарады. Яғни, мемлекет әр оқушы үшін қаржы төлейтін болады.

Мектепте балалардың білім алуына барлық жағдайдың жасалуы бойынша әкім инвесторға бірқатар ұсыныстар айтты.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.