МЕМСАРАПТАМАДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын кеңінен түсіндіру мақсатында «Мемсараптама» РМК Оңтүстік өңірі бойынша филиалының ұжымымен дөңгелек үстел өтті.
Басқосуға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі қатысып, Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын, жемқорлықтың алдын алу және оның туындауына жол бермеу тетіктерін түсіндіріп, заңнамаға енгізілген түзетулермен таныстырды.
Іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды күшейту жөніндегі тапсырмалар аясында нақты басымдықтар қойылғандығын айтып, осы бағытта бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Сондай-ақ, квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарында корпоративтік адалдық стандарттарын сақтауға жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институтымен таныстырды.
Одан әрі, сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез келген азамат Департаментке немесе 1424 нөмірі бойынша CaII-орталыққа хабарласу қажеттігі хабарланды.
Сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша хабарламалары үшін азаматтарды көтермелеуге қатысты толыққанды ақпарат ұсынылды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.