МИРАС, ШАПАҒАТ-2 ШАҒЫНАУДАНДАРЫНА КӘРІЗ ЖҮЙЕЛЕРІ ТАРТЫЛУДА

Бүгінде Мирас, Шапағат-2 шағын аудандарында кәріз жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Аталған елдімекендерге канализациялық желілерді жүргізу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 2020 жылы сараптамалық қорытынды алынған болатын. Мердігер мекеме 2021-2023 жылдарға құрылыс жұмыстарына бөлінген бюджет  қаражаты есебінен кәріз желілерін тартуда. Қазіргі таңда қаламыздағы 81 шағынауданның 24-і канализациямен қамтамасыз етілген.

Биыл Тассай, Тұран (ішкі жүйесі), Қайтпас-2, 112- орам, Бозарық шағынаудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық абонент кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде қалада кәрізбен қамту көрсеткіші 60 % — дан 65  % — ға артатын болады.

Мирас-Шапағат-2 нысанында  жоспар бойынша жалпы ұзындығы 50,4 шақырым құбыр жүргізіледі. Осыған дейін жұмыстардың 69% аяқталған. Жалпы 30 адам, 7 арнайы техника жұмылдырылған нысанның құрылыс жұмыстары толығымен 2024 жылы аяқталатын болады.

Жоспар бойынша 2024 жылы

1.КОС-1

2.Рысқұловтан КОС-1ге

3.Забадам  КОС-1ге

  1. Елтай
  2. Жыланбұзған
  3. Айнатас

7.Бадам 1-2

  1. Шаңырақ
  2. Айқап
  3. Тұран коллектор
  4. Төлеметов коллектор
  5. Нұртас

шағынаудандарында кәріз жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.

 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.