Мұрат Бақтиярұлы, Сенат депутаты: Тапқан нәпақысы тамағына жетпейді

Елдегі қалыптасқан жағдай өте күрделі. Әсіресе азық-түлік, жанар-жағар май, құрылыс материалдарының бағалары негізсіз өсуі ешқандай ақылға сыймайды. Ортадағы делдалдардың жүгенсіз кетуіне ешкім жауап бермейді.

Сайлаушыларымыз бізден, “Еш нәрсеге жауап бермейтін Үкімет пен Парламент не үшін керек, неге бұлай болып жатыр, себептерін неге түсіндірмейді, министрлер елді, әсіресе қиналып жатқан өңірлердегі ауылдарды өз көздерімен көріп, нақты іс-шара неге жасамайды?” деп сұрайды. Өте орынды реніш, құлақпен естімей-ақ көзбен көріп жүрміз, халықтың көп бөлігі кедейленеу үдерісіне ұшырауда. Тапқан нәпақасы тамағына жетпейді.

Не істеу керек? Жекелеген министрлер мен әкімдерді орнынан алғаннан мәселе шешіле ме? Меніңше жүйелі түрде Үкімет пен жергілікті әкімдердің үйлесімді жұмыстары керек. Қаржы бар, мемлекеттік мүдде тұрғысында ынта, жігер іскерлік керек.

 baq.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.