Мықты отбасы – мықты армия

Шымкентте «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердегі әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметініңмамандарымен нұсқау-әдістемелік жиын өтті.

 

Жиынды ашқан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің бастығы Елена Анатольевна Кучукова әйелдерге құттықтау сөз сөйледі.

Ұйым басшысы әйелдерді қолбасшының атынан келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, өткен жылы әскери бөлімдердің қызметтерімен әскери қызметшілердің отбасыларындағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған 450-ден астам іс-шара өткізілгенін атап өтті.

— Біздің міндетіміз – отбасыларға көмектесу, оларды ақпараттандыру, мәселелерін шешуге жәрдемдесу, өмір сүру сапасын жақсартуға және отбасы мәртебесін, дәстүрлі құндылықтар мен адамгершілік мәдениетін арттыруғаназар аудару. Ағымдағы жылы отбасылармен жұмыс жөніндегі қызметі 1500-ден астам әскери қызметшілердің үйлеріне барды. Жыл бойы спорттық, мерекелік және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылды, онда 5000-ға жуық әскери қызметшілердің отбасылары қатысты, — деп атап өтті Елена Анатольевна.

Жақсы көңіл-күй мен қызметке деген оң көзқарас көп жағдайдаотбасында қалыптасады. Әскери қызметші балаларды мектепке және балабақшаға орналастыру, әскери қалашықтардағы отбасының бос уақыты туралы алаңдамауы керек, ал ұзақ уақыт болмаған жағдайда оның отбасы назардан тыс қалмайтынына сенімді болуы тиіс.

Әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызмет әскери бөлімдердің басшылығына патриоттық тәрбие беруді ұйымдастыруда, көп балалы және жас отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін шешуде көмек көрсетеді. Балаларға арналған бос уақытты ұйымдастырады және әскери қызметшілердің әйелдерін жұмысқа орналастырумен көмектеседі.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.