Н.САБИЛЬЯНОВ, Мәжіліс депутаты: … аузын қу шөппен сүртiп, шығарып салады

Тәуелсіздік алғаннан бері шетелден қаншама әртістер ағылып келді. Қазақ жігіттерінің шетелдік әртістердің, жүргізушілердің алдында баладай жүгіріп, қалталарын ақшаға толтырып, фонограммамен айтқан әндерін тыңдап, соларды керемет тұтатыны намысыңды келтіреді, соған ренжисің. Шетелдің әртістерін қолпаштағанша, туған еліміздің таланттарын, әдебиет пен өнер адамдарын құрметтейік. Олар қазақтың даңқын асырып, халқымыздың мерейін биікке көтеріп жүрген бауырларымыз ғой. Өзімізге келгенде қолымыз қысқарып қалады. Ауылдағы Мәдениет үйін қалпына келтіруге, мешіт салуға, не бір өнер адамының шығармашылық кешін өткізуге, не бір кітап шығаруға қаржы сұрап көріңізші, аузын қу шөппен сүртіп, шығарып салады.

«А»

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.