НҰРТАСТЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Қаратау ауданына қарасты Нұртас шағынауданында жыл соңына дейін 653 абонент сапалы электр қуатымен қамтылады. Қазіргі таңда шағынауданда бағаналар тартылып, электр желілері тартылуда. Аталған жұмыстар 2021 жылы басталып, бүгінде құрылыс жұмыстарының 40 пайызға жуығы аяқталған.

Атап айтқанда  600-ден астам электр бағанасы орнатылып, 2 шақырым электр желілері тартылды. Содан кейін, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан абоненттеу жұмыстары жүргізілетін болады. Жоспар бойынша, сапалы жарықпен қамту тамыз айында толық пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, Нұртас шағынауданын табиғи газбен қамту жұмыстары қатар атқарылуда. Газ жүйелерінің жалпы ұзындығы 15,7 шақырымды құраса, бүгінде оның 75 пайызы орнатылды.

Айта кетейік, биыл Нұртастағы Тасанбаев және Хан тәңірі көшелері жарықтандырылады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.