ОҚО-ДА КИЕЛІ, ТАРИХИ ОРЫНДАРДЫ ҚОРҒАУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Қоғамдық сананы жаңғыртуды жүзеге асырудағы музейлердің рөлі»  тақырыбындағы облыстық семинар өтті.

Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалының саяси мәселелер жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Мәжімбеков Сәкен Аралбайұлы, Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Темірхан Асылхан Темірханұлы, Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі ОҚО бойынша жобалық кеңсесінің бас менеджері Биболова Алия Таңатқызы, Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі  Байтанаев Бауыржан Әбішұлы, ОҚО тарихи-өлкетану музейінің директоры  Аренова Гүлнар Саматқызы, музей саласының ардагері Жұмашов Абдулла, этнограф-қолөнерші Кендебай Қарабдалов, өлкетанушы Ерлан Сыздық және музей директорлары мен қызметкерлері қатысты.

Өздеріңізге мəлім, 2018 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына арналған ІІ республикалық форум өткен болатын. Форумда өңірде жүрген бір топ өлкетанушылар тұңғыш рет жарыққа шыққан «Үздік өлкетанушы» естелік медалімен марапатталды. Сондай-ақ, облыстық музей директорлары мен басқа да мәдениет қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің Құрмет Грамотасы мен Алғыс хаттарына ие болды.

Осы орайда, Оңтүстік Қазақстан облысынан  музей саласының ардагері Жұмашов Абдулла, өлкетанушы Ерлан Сыздық «Үздік өлкетанушы» естелік медаліне, этнограф-қолөнерші Кендебай Қарабдалов,  Тарихи-мәдени  мұраны  қорғау, қалпына  келтіру  және  пайдалану  жөніндегі  орталық директорның міндетін атқарушы Жандос Құрбан Құрмет грамотасына, ОҚО тарихи-өлкетану музейінің археология бөлімінің меңгерушісі Ержигитова Айсұлу, ақпараттандыру секторының меңгерушісі Лазар Гүлмира алғыс хатқа ие болды. Іс-шара барысында аталған марапаттарды   Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Темірхан Асылхан Темірханұлы салтанатты түрде табыстады.
Семинарға қатысушылар өңіріміздегі киелі,тарихи орындарды қорғау, қалпына келтіру,анықтау бойынша баяндамалар оқылып, пікір алмасты.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.