ОҚО-ДА ӨТКЕН ЖЫЛЫ 20 МЫҢНАН АСТАМ ОТБАСЫ ҚҰРЫЛҒАН

Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылы 128 мыңнан астам азаматтық хал актілері тіркелген. Атап айтқанда, 80 мыңға жуық бала тууға, 20937 некеге куәлік берілді. Бүгін бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Мейіржан Исабеков мәлім етті.

Бұдан өзге, өткен жылы жалпы облыс көлемінде 604 заңды тұлға және 141 филиал мен өкілдік тіркелген. Көрсетілген қызмет түрлерінен бюджетке 19 млн. теңгеден астам мемлекеттік алымдар түсіп, 2016 жылға қарағанда 5 пайызға көбейіп отыр. Сондай-ақ, өткен жылы тіркелген жылжымайтын мүлік саны да артқан.

«Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылдың қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардан жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге жалпы 150 мыңнан астам өтініш қабылданды. Жылжымайтын мүлікке электронды түрде тіркеу саны 49 мыңнан асқан. Былтырғы жылдың қорытындысы негізінде мемлекеттік тіркеуден 218 379 575,4 теңге алым сомасы өндірілді», — деді Мейіржан Нұржанұлы.

Сонымен қатар, өткен жылы облыс көлемінде «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы 2548 шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері тіркелген. Нәтижесінде 2016 жылға қарағанда 94,3 пайызға көбейіп отыр.

Бұдан бөлек, Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылы 500-ге жуық адвокат жұмыс істеді.  Сондай-ақ, облыстың жеке сот орындаушыларының қатары 29-ға көбейіп, 225-ге жетті. Айта кетерлігі, өңіріміздің барлық қала, аудандары жеке сот орындаушыларының қызметімен қамтамасыз етілген.

Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша нотариаттық қызметпен 474 нотариус айналысады. Жеке нотариустармен жасалған нотариаттық іс-әрекеттердің саны 1 миллионнан асқан. Нотариустармен салық ретінде бюджетке аударылған қаражаттың жалпы сомасы  432 117 130  тенгені құраған.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.