ОҚО МƏДЕНИЕТ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫН ӨТКІЗДІ

Облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті күніне орай,  «Жомарт жүрек» қайырымдылық акциясы аясында Төлеби ауданындағы №7 арнаулы əлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жəне Бірінші Мамыр елдімекеніндегі
№2 Балалар үйінде «Бақытты балалық» концерттік шарасы өтті. Туа бітті кемістігі бар мүгедек жəне жастайынан ата-ананың қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерге  мерекелік көңіл-күй сыйлап, балғын балаларды арнайы құттықтау мақсатында өткен қайырымдылық шарасында облысқа белгілі өнерпаздар əуелете  əн салып, бүлдіршіндермен қосыла би биледі. Туған жер, Отан, бақытты балалық шақ аясындағы əндерге шаттана қол соғып, қуанған балғындарға арнайы тəттілер де үлестірілді. Сыйлықтарға облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының директоры Əділханов Нұрлан Ыдырысұлы, мекеме орынбасары Жорабеков Берік Əбдіқадырұлы жəне жас актриса Зульфия Омарова демеушілік жасады.
Бұған дейін де мекеме тарапынан қайырымдылық шаралары дəстүрлі түрде ұйымдастырылып, ел келешегі-жас ұрпақтың арманшыл ойларына қанат бітіріп, жүректеріне қуаныш ұялатып келсе, жаңа жыл қарсаңында да бірқатар жоспарлар қолға алынуда.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.