Өкпені тазарту әдістері
Ауасы өндіріс қалдықтарымен және көлік газдарымен ластанған қалаларда тұратын ададамдардың өкпе-тыныс жолдарының ауруларына шалдығу қаупі өте жоғары. Өркениеттің бір шарты болғандықтан, экологиялық ластануды болдырмау біздің қолымыздан келмеуі мүмкін, алайда оның зиянды әсерлерінен аз да болса қорғануға болады. Ол үшін төмендегі әдістермен өкпені жиі тазартып тұрсақ жеткілікті.
* 1 кг теңіз тұзын целлофан қапшыққа салып, бір ай бойы күніне-1-2 сағаттан осы тұзбен демалыңыз. Ол үшін теледидардың алдына ыңғайланып жайғасып алыңыз да, қапшықтағы тұзды 5 минут аузыңызбен, 5 минут мұрныңызбен кезек-кезек иіскеп, ішке тартыңыз.
* 1 стақан тазартылмаған сұлыны 1/2 л сүтке салып,баяу отқа қойыңыз да, қайта-қайта араластыра отырып, сүттің жартысы таусылғанша қайнатыңыз. Сосын сүзгіштен өткізіп, сұйық ботқаны тамақтың алдында бәрін бірден ішіп алыңыз. Осылйша күніне 3 реттен 14 күн бойы ішу керек.
* Өкпені жеңіл тыныс алу жаттығулары арқылы да тазартуға болады. Ол үішн терең тыныс алыңыз. Деміңізді ішіңізде бірнеше секунд ұстап тұрыңыз. Ерніңізді жиырып, іштегі ауаның бір бөлігін қатты күшпен сыртқа шығарыңыз. Ауа жұтпай, іштегі қалған ауаны тағы 2 секунд ұстап тұрыңыз. Сосын тағы да кішкене ауаны күшпен шығарып, қалғанын ұстап ұрыңыз. Осылайша іштегі ауа таусылғанша қайталау керек.
Темекі шегетіндер бұл жаттығуды күнне 3 рет, ал шекпейтіндер 1 рет, ең жақсысы, таңертең далада не ашық терезенің алдында қайталағаны жөн.
* Өкпені тазартуға емдік шөптер де жақсы көмектеседі. Шылмқорлар мен созылмалы тыныс жолының дерттері бар науқастардың басты қиындығы — өкпеден шығуы қиын қою қақырық. Оны тез шығатындай етіп сұйылтуға емдік шайлар жақсы септігін тигізеді.
* Өкпені моншаға түсу арқылы да тазартуға болады. Әсіресе, орыстардың қайың сыпыртқысымен денені біраз сабалап алса, тыныс жолдары ашылып, қақырық түседі және өкпеде оттегінің айналуы жақсарады.
Ең жақсысы – осы әдістердің бәрін бір-бірімен үйлестіре қолдану. Мәселен, күнде таңертең тыныс алу жаттығуын жасап, демалыс күндері ыстық моншаға барыңыз, ал апта бойына шөпшайларды ішіңіз.
«Жас -ай» журналы