ОҢТҮСТІКТІҢ БІР ТОП ӨНЕРПАЗДАРЫ АБУ-ДАБИДЕ ӨНЕР КӨРСЕТУДЕ

Оңтүстік мəдениеті тағы да ақжолтай жаңалық орын алуда. Күнгей өлкенің өнер майталмандарының бір тобы Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласындағы шейx Заид атындағы Халықаралық мәдениет фестиваліне аттанған болатын.
Халықаралық фестивальде Қазақстан Республикасының атынан «Түркістан сарайы» концерттік ұйымының «FARAB» би театры  өз өнерін күллі әлемге паш етуде.
Шейx Мансур бен Зайд Аль Наxаяның өтінішімен арнайы  шақырту алған би тобы қазақтың ұлттық дəстүрлерін насихаттауда.
«Түркістан» сарайы  «FARAB» би театрының құрылғанына төрт ай уақыт өтсе, осы аралықта бірнеше халықаралық,республикалық сахналарда өнер көрсетіп, өз ерекшеліктерін танытып та үлгерді.
Би ұжымының көркемдік жетекшісі, бірнеше халықаралық байқаулардың дауреаты -Роман Ли. Топтың жалпы жетекшісі, мекеме директоры-Шалхарова Əлия Богданқызы.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.