ОРДАБАСЫДА ЖАҢА ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Ордабасы ауданы Темірлан елді мекенінде жаңа демалыс аймағының құрылысы жүргізілуде. Ауылдың кіреберісі Арыс және Аббасов көшелерінің қиылысындағы «Құртай» каналы бойындағы гүлзар елді мекеннің ажарын аша түспек. Нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «DosGrupp» ЖШС-і мердігер мекемесі аллеяны биыл шілде-тамыз айларында қолданысқа беріледі деп жоспарлап отыр. Онда балаларға арналған ойын алаңшасы, орындықтар, жарықшамдар орнатылып, спортпен айналысуға барлық жағдай жасалатын болады.

Алдағы уақытта аудан орталығының сәнін келтіріп, көркін ашатын гүлзар темірландықтардың сүйікті демалыс орнына айналмақ. Онда егілген ағаш көшеттері ауа райының аптап ыстығында жаяу жүргіншілерге сая болары анық.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.