Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныОрнықты ой, орынды сөз

Дулат Исабеков: Біз мемлекеттік тілін қорлап отырған әлемдегі жалғыз мемлекетпіз…

Қазақ тілінің мәселесін осы күнге дейін айтудай-ақ айттық, жазудай-ақ жаздық. Өкінішке орай, отыз жылда одан шыққан ешбір нәтиже жоқ. Керісінше, еліміздегі қазақ тілінің дерті әлемді шарпыған коронавирустан ары асқынып тұр.

Біз бүгінде таза мемлекеттік тілде хабар тарататын бірде-бір телеарнасы жоқ елге айналдық. Өздерін еліміздің ұлттық арнасы санайтын «Қазақстанның» өзі қазақ тілін жолға қоя алмаған соң, басқаларынан не үміт, не қайыр?

Қазақ тіліне қырын қарайтын шенеуніктерден қайткен күнде де құтылуымыз керек. Қазақстанның нанын жеп, суын ішіп отырып, өзге шет елдің мемлекеттік тілінде сайрау – барып тұрған сатқындық қой. Қазақ тілі жоғалған күні Қазақстан деген мемлекет те жер бетінен жоғалаты-нын өзге тілдің жыртысын жыртып жүргендер неге түсінбейді?!

Өзге мемлекеттерде сол елдің мемлекеттік тілінен бір-екі қате жіберген жауапты қызметкерлерін бірден орнынан алып тастайды.Ал бізде мың қате жіберсе де мыңқ етпейміз. Қарап отырсақ, біз өзінің мемлекеттік тілін қорлап отырған әлемдегі жалғыз мемлекетпіз. Осыдан кейін, өзге мемлекеттер басынды деп несіне ренжиміз?!

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘКІМДЕР ХАЛЫҚПЕН «ТІКЕЛЕЙ ЭФИРГЕ» ШЫҒУДА

admin

ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ КӘСІПКЕР ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАҒА БАСПАНА САЛЫП БЕРДІ

admin

ҚАЛА МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

admin