Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Ақпараттар ағыныОрнықты ой, орынды сөз

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты: Мұндай амалдар мемлекеттік мүддеге сай емес

Несие төлемдерін шегеру туралы мәселеге қайта оралсақ, алған несие сомаларын банктерге қалай болғанда да қайтарылатыны ескерілгенмен, қазіргі Төтенше жағдай кезінде қарыз алушының табысы мүлдем ескерілмеген. Өйткені, олардың кірісі ешқайда «шегерілген» жоқ, тек табыс болған жоқ, сондықтан оларға шегерілген төлемдерді төлейтін мүлде мүмкіндік жоқ. Оларды ары қарай да қыспаққа алу шағын және орта бизнесті банкроттыққа душар етіп, қаншама отбасыларды кедейшілікке итермелейді.

Мұндай амалдар мемлекеттік мүддеге сай емес. Агенттіктің қызметі қазіргі қолданыстағы заңнаманы түсіндіру ғана емес, сондай-ақ, банктердің кірісімен бірге, қоғамның негізгі бөлігінің төлемдік қабілетін ескеріп, қаржы нарығы тұрақтылығын сақтауға көзделген шешімдерді қабылдау деп санаймыз. Қарыз алушы шағын және орта бизнестің үлкен бөлігі, 75%-ы қиын жағдайда қалуына көз жұмып қарауға болмайды.

adyrna.kz

Ұқсас жаңалықтар

Референдум по АЭС: на 2 участках голосование началось в 6 утра

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУ, САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖӘНЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

admin

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫНА ЖАҢА ЗАҢНАМАДАҒЫ ТОЛЫҚТЫРУЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

admin