Өз үйінің ауласында сора өсірген шымкенттік сотталды

Полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында өз ауласында сораны заңсыз өсірген жергілікті тұрғынды анықтады.

58 жастағы ер адамнан тоғыз түп құрамында есірткі бар өсімдік тәркіленді. Тәртіп сақшылары жайт бойынша ҚР ҚК 300-бабының 1-бөлігімен «өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру» тергеп-тексеру әрекеттерін жүргізіп, қылмыстық істі сотқа жолдаған. Сот үкімімен азаматқа қатысты 9 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, тағайындалған бас бостандығын шектеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгіленіп, қоғамдық орындарда 75 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылады.

Осы орайда, полицейлер есірткі заттарымен жасалған кез келген заңсыз іс-әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

 

Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.