Пайғамбар өсиеті

Адамдарға жақсылық жасау, туған-туысқандармен жақын байланыс жасап, хал-ахуал сұрасып тұру – сауабы; тиетін қайырлы істер. Залымдық және туыс-туғандардан қол үзіп кету – жазасы тез білінетін істер.

***

Бес түрлі қасиетке ие адамдардың пейішке баратынына кепілдік беремін:

-Мұраларын бөліскен кезде бір-біріне қиянат жасап, зұлымдыққа бармайтындар;

-Өзгелерді де өзіндей көріп, ынсап қылғандар; .

-Дұшпанға қарсы соғыста құрбан болғандар;

-Олжа бөліскенде қиянат жасамағандар;

-Залымдардан қорлық көріп, қаналушылардың ақысын өндіріп бергендер.

***

Ата тегіңді, туыс-туғандарыңды жақсы танып біл. Өйткені өзара қатынас жасауың үшін қажет болады. Егер қарым-қатынасың үзілсе, жақын туғаныңның да ешқандай пайдасы тимейді. Жырақ тұрғаныңмен бір-біріңмен тату қарым-қатынаста болсаң, алыстықтың зияны жоқ.

***

Садақаның абзалы – сау кезінде, сараңдық жасап өмір сүруден және кедейленуден қорқып жасалған садақа. Садақаны кешіктірмей беріңіздер. Жаның алқымға тығылғанда малымның мұншасы анаған, оншасы мынаған дегеніңнің пайдасы жоқ. Өйткені ол кезде сен айтпасаң да малың басқанікі болады.

***

Алланың маңдайға жазғандарының барлығын туысқа да, жатқа да өтпелі нәрсе деп біліңдер. Алла жолындағы ізгі істеріңді кінәлаушылардың кесірінен тоқтатып қойма.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.