Пара алған шымкенттік судья 7 жылға сотталып кетті
Шымкентте пара алып ұсталған судьяға қатысты сот үкімі шықты. Әділдік орнатушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды, Stan kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап.
Бұдан өзге, Ермахан Шаланов бар мүлкінен және болашақта мемлекеттік қызметке орналасу құқығынан айырылды.
Судья қызметін пайдаланып, қосымша табыс таппақшы болған. Ол жер учаскесін қайтарып алғысы келген әйелден жарты миллион теңге талап еткен. Сотталушының бұрынғы әріптестерінің айтуынша, заң бойынша сот онсыз да шешімді әйелдің пайдасына шығару керек болған. Талап етуші әйелдің ақшасы болмағандықтан, ол орнына жылқы ұсыныпты. Бірақ судьяның табандылығы ақырында әйелді жемқорлыққа қарсы күресушілерге жүгінуге мәжбүрледі. Ал үкімді шығарған судья бұрынғы әріптесін соттаудың оңайға соқпағанын мойындап отыр.
«Санкция бойынша бас бостандығынан айырудың орнына басқа жаза қолдануға да болар еді. Бірақ айыпталушы тергеу барысында да, сот отырысы барысында да кінәсін мойындамағандықтан, сот оны қайта тәрбиелеу және түзеу тек бас бостандығынан айыратын мекемеде мүмкін деп шешті», – деді судья Мырзалы Жорабаев.