«Қазавиақұтқару» және «Қазавиаорманқорғау» бас директорлары парамен ұсталды
ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті «Қазавиақұтқару» бас директоры Малик Досымбеков пен Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазавиаорманқорғау» бас директоры Төлеуғазы Сексенбаев құны 12 миллион доллар тұратын «МИ-171Е» тікұшағын алу бойынша келісімшартқа қол қойғаны үшін шетелдік компания басшысынан 50 мың доллар көлемінде пара алу үстінде 13 шілде күні ұсталған.
Бұл сома қомақты параның жартысы ғана болып шықты. Жалпы сомасы 100 мың доллар екен. Сот шешімімен күдіктілер қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу жұмысы жүргізілуде.