«Пәтер аламын»: Шымкентте тағы бір тұрғын алданып қалды

«Мемлекеттік жеңлдетілген бағдарлама бойынша «Тұран» шағынауданындағы жаңа тұрғынүйлердің бірінен үш бөлмелі пәтер алып беремін» деп, алдап кеткен. Кезекті жайт Шымкент қаласында орын алды.

Бұл бойынша Қаратау АПБ-ның «102» арнасы арқылы жергілікті тұрғын (азамат) арызданған. Ол өз арызында, екі жылдан бергі танысы «Мемлекет тарапынан кезексіз үш бөлмелі пәтер алып беремін» деп, алаяқтық жолмен қомақты қаржыны иемденіп кеткенін жазып көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 2 300 000 (екі миллион үш  жүз мың) теңгені құрап отыр.

Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 36 жастағы тұрғыны болып шықты, жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматшаның алған ақшаны толықтай өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.