ПЕТРОҚАЗАҚСТАН ОЙЛ ПРОДАКТС ҰЖЫМЫНА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ КАРТАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және аталған салада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС ұжымымен кездесті.
Жиын барысында Департамент өкілі Жазира Әлжанова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында атқарылған жұмыстардан хабардар етіп, бизнесті қорғау, оған қолайлы инвестициялық жағдай жасау, аталған саладағы проблемалар мен оларды шешу жолдарын қарастыру, бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар, спикер әрбір аймақ үшін әзірленген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына тоқталды. Оның айтуынша картаға қаламыздағы білім, денсаулық сақтау, жер, әлеуметтік қамтамасыз ету, құрылыс, тұрғын үй және тағы да басқа салалар енгізілген. Әлеуметтік маңызы бар проблемаларды негізге ала отырып, оларды шешу бойынша жоспар құрылып, іске асырылуда.
Жиында құқық бұзушылықтардың алдын алу және ұйымның іскерлік беделін қорғау мақсатында квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарында корпоративтік адалдық стандарттарын сақтауға жауапты жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институты қарастырылды.
Кездесу соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда Агенттіктің 1424 Call-орталығына хабарласуға шақырылды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.