ПОЛИМЕРЛІ БИТУМ ЖӘНЕ АСФАЛЬТ ЗАУЫТТАРЫ АШЫЛДЫ

Түркістан халықаралық әуежайы мен Шаға-Қосқорған-Кентау бағытына жан бітті. Бұл — облыс орталығы мен кенді қаланы жалғайтын жаңа әрі төте жол. Әзірге көлік қозғалысы үшін 26 шақырымы ашылды. Нысан келесі жылы толық бітеді. Құрылыс жұмыстары ұлттық сапа орталығының тұрақты бақылауында. Жылдың тағы бір жетістігі- жол құрылысына қажетті материалдар шығаратын бірнеше өндіріс орны ашылды. Соның бірі- Төлеби ауданында полимерлі битум өндіретін цех. Жылына 200 мың тонна өнім шығармақ. Оның қарапайым битумнан айырмашылығы – ыстыққа да, суыққа да төзімді. Сондықтан жолдың жарамдылық мерзімін ұзартады. Сондай-ақ, Түркістан қаласының индустриялық даму аймағында бірнеше асфальт зауыттары іске қосылды. Олардың өндірістік қуаты сағатына 550 тонна. Бұл- жол саласының ең үлкен проблемасы: маусым сайын қайталанатын битум мен асфалт тапшылығын азайтпақ.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.