ПОЛИЦИЯ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 1 МЛН.ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ПАРА АЛДЫ ДЕГЕН КҮДІККЕ ІЛІНДІ
Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түркістан облысы Сауран аудандық полиция бөлімі бастығының бұрынғы орынбасарына, полиция полковнигіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тергеуді бастады.
Ол полиция бөлімінде алаяқтық фактісі бойынша тергеліп жатқан тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тартуға және іс бойынша залалды өтеуге жәрдемдесу үшін алаяқтық жолмен 1 млн.теңге мөлшерінде ақша алды деп күдіктелуде.
Кінәсін толық мойындауына және келтірілген залалды өтеуге байланысты тергеу сотының санкциясымен лауазымды тұлғаны «үйқамақ» бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.