Православие шіркеуі

Грек сөзі «ортодоксия» немесе «дұрыс ойлау», «құдайды дұрыс мақтай білу дегенді білдіреді.  Православиенің негізі Қасиетті жазу (Көне және Жаң кітаптар) және Киелі аңыз(предание) Христиандықтың Шығыс немесе Византиялық бөлігі, қазіргі кезде бір-біріне тәуелсіз автокефальды 15 православие шіркеуі бар: Константинополь (Түркия), Александрия (Египет), Антиохия (Сирия, Ливан), Иерусалим, Орыс, Грузия, Сербия, Румен, Болгар, Кипр, Эллада (Греция), Албан, Поляк, Чехославак және Американдық, тағы басқа үш автономдық шіркеулер бар (синай, фиин жэне жапондық). Әрбір дербес шіркеулердің шекарасын сол дербестік берген автокефальды шіркеу анықтайды.

Әкімдік жағынан православия шіркеулері: экзархат (автономия), епархия (өлке), викариант (облыс), благочин (район) және приход (жергілікті, кішкентай) шіркеуі болып бөлінеді. Барлық православия шіркеулерінің канондары, діни догмалары мен ғибадаттары бірдей. Православие шіркеуінің ілімі Никкей соборында (325) және Константинопольде (381) әлемдік соборлардағы шешімді бұлжытпай орындайды.

Догматтары бір Жаратушы Құдайға сену Христос құдайдың ұлы. Ол жерге адамдарды құтқару үшін түсті және сол үшін айшыққа шегеленіп өлтірілді. Үшінші күні қайта тіріліп аспанға ұшып кетті оның екінші жерге қайта оралуы тірілер мен өлілерді соттау үшін жасалады. Сондай-ақ, Құдай Әкеден туындайтын қасиетті рухқа сенім білдіріледі. Шіркеу біреу, және ол қасиетті саборлық (барлық сенім білдірушілерді ерікті түрде біріктіруші әлемдік сипатта). Құдай Қасиетті Үштіктен – Құдай-Әке, Құдай-Ұл және Қасиетті-Құдай Рухтан тұрады. Бұл ұғым үш Құдайлықты білдірмейді. Бұл ұғым Құдайдың бірлігін бірақ оның  үш сипаттын (ипостас) білдіреді. Құдай біреу.

Христос Құдай ұлы ретінде Құдаймен бірмазмұнда немесе Құдайдың нағыз өзі және ол адам кейіпінде болған соң нағыз адам. Христоста екі түрлі табиғат, жаратылу бекітілген.

Проваславия ілімінің католик ілімінен айырмашылығы Рим Папасының күнәсіздігі туралы догматтың жоқтығы. Сондай-ақ, Қасиетті Рух және Мария Қыз туралы ілімдерде, шіркеулік қызмет ісінде және календарьда, постылар санында айырмалар бар. Христиан адамның өмірі храммен тығыз байланысты. Провославия храмы 3 бөліктен: 1) алтарь; 2) ортағы бөлік; 3) притвордан тұрады. Алтарь храмның негізгі орны, аспан патшылығының символы Құдайдың өзінің тұрғын жайы. Храмның орталығында қасиетті тақ тұрады. ол ағаштан, мрамордан кейде күміс немесе алтыннан жасалуы мүмкін. Алтарьға кіруші Қасиетті Таққа қарай үш рет жерге бас иеді. Әскерилер қарусыз кіреді. Храмның орта бөлігінде – иконоспастаста Құтқарушы Христостың, Құдай Ананың, архангелдердің (әулиелердің), көне өсиетті уағыздаушылардың, пайғамбарлардың икондары қойылады. Иконопостас көбіне 3-5 қабатты болып келеді және ең жоғарғысында крест тұрады. Ортада екі жақты Патша дарбазасы немесе алтарьға негізгі кіру есігі орналасқан. Сондай-ақ, екі жақта оңтүстік және солтүстік бөлігінде орналасады. Алтарь храмның күншығыс бөлігінде орналасады. Храмның батыс бөлігін притвор дейді. Бұл жерде дәстүр бойынша күнәсіна өкінгендер және шоқынуға дайындалушылар тұрады.

Провославиядағы қызметші атақтар 3 дәрежеге бөлінеді: диакон, пресвитер (священник, иерей), епископ (архииерей). Осы 3 шенді сатыдан тұратын дәрежелердің биіктеу мынадай түрлері бар: архидиакон, протоиерей, архиепископ, митрополит, патриарх т.б.

 

Шымкент қаласы дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша  «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

 

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.