ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалы партиялық активі мәжілісі өтті. Күн тәртібінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.
Партиялық актив мәжілісін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы төрағалық етіп, жүргізді. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша алғашқы болып «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Әлібекқызы баяндама жасады. Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Мәдәліұлы Жолдау жайлы өз ойымен бөлісті.
Жиын қорытындысы бойынша қала басшысы М.Әйтенов Жолдауға қатысты бірқатар тапсырмаларды міндеттеді. Ең әуелі мемлекет басшысының Жолдауын насихаттау бойынша арнайы іс-шара жоспары әзірленіп, бекітуді тапсырды. Екіншіден, Жолдауды насихаттау мақсатында зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері және жастардан құралатын спикерлер пулы жасақталуын атап өтті. Сонымен қатар қалалық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері, Саяси кеңес мүшелері, Бастауыш партия ұйымының және партия филиалы жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағалары Жолдауды насихаттауға белсенді қатысуын талап етті және де барлық атқарылатын жұмыстар Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде насихаттау бойынша арнайы медиа – жоспар әзірленіп, іске асырылады.
#AMANAT #AMANATPartiyasy @ЕрланКошанов @АсхатОралов

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.