ПСЕВДО ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ

Діни құндылықтарды жамылып, дінді сақтауды желеу етіп, өзінің саяси мақсаттарына қол жеткізу жолындағы саяси әрекет. Псевдодіни экстремизмнің негізінде өз идеяларын түсіндіру, оған жаңа мүшелерді тарту, әсіресе жастарды тарту жолымен жүреді. Алдымен олар өздеріне қажетті адамдарды қоғам ішінен ұзақ таңдайды. Олармен танысып, өз әрекетіне тартады. Оларға діннің мәнін түсіндірген болады. Сол үшін түрлі астыртын жиындар мен жиналыстар, кездесулер өткізіп отырады. Оларда қызу пікірталастар жүргізеді. Жаңа мүшелерге жәрдем береді. Діни бауырмалдылық идеясын насихаттайды. Оларға өз әдебиеттерін беріп, өз идеяларына толықтай өткізеді. Басқа діндерді жамандайды. Өмір сүріп отырған қоғамдық құрылысты айыптайды, оған қарсы күрес қажеттігін негіздейді. Содан кейін барып мүшелерімен түрлі әскери жаттықтырулар өткізе бастайды. Осылай жаңа мүшелерін қаруландырып, күреске дайын етеді. Олардың насихаты ымырасыз келеді. Діни экстремизмнің дінге ешқандай қатысы жоқ, тек оны жамылғы етеді.
Бұл жағдайда жастардың псевдо діндердің идеологиясынан сақтандыру шараларын, оның ішінде түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында өңірлердегі ақпараттық түсіндірме топтарының сапалық құрамы пысықтап, оларды базалық әдебиеттермен қаруландыруды жүзеге асырып отыру қажет.
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.