РЕФЕРЕНДУМҒА БАРУ — ӘРБІРІМІЗДІҢ АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫМЫЗ

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының Республикалық штаб мүшесі Берік Бекжанов «Достық» бастауыш партия ұйымының мүшелері, №85 мектебінің ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесуге Шымкент қалалық штаб мүшелері, қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов, мәслихат депутаттары Жадыра Танатарова, Қайрат Имашев, Талғат Балтабаев қатысты. Жиында алдағы референдумның мән-маңызы жан-жақты талқыланды.

— «Конституциялық реформа – «Жаңа Қазақстанды» құрудың нақты механизмі. Ата Заңымызда жер халықтың меншігі деп көрсетіледі. Мұндай үлкен шара еліміздегі маңызы бар айтарлықтай оқиға. Сол себепті, баршамыз бірауыздан осы референдумның өтуіне үлес қосып, ойымызды білдіруіміз қажет», — деді Б. Бекжанов.

Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың бәрі өзара байланысты және бір мақсатты көздейді.
Халық қалаулысы Берік Бекжанов бастаған депутаттар шара соңында жиынға қатысушыларды рефендумға баруға шақырды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.