РЕФЕРЕНДУМНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мәжіліс депутаттарының өңірлерге жұмыс сапары әрі қарай Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде жалғасты.

Халық қалаулысы Фахриддин Қаратаев аталмыш білім ордасының тәлімгерлері мен ұстаздарына елімізде алдағы уақытта өтетін республикалық референдумға қатысты ақараттық-түсіндіру жұмыстыры бойынша мәлімет берді. Сонымен қатар, мәжіліс пен мәслихат депутаттарының өкілеттілігіне енетін өзгерістер жайлы кеңінен түсіндіріп өтті. Ал, Максим Рожин сайлау жүйесіне енетін өзгерістер мен конституцияның 33 бабына өзгеріс енгізу жайлы кеңінен тоқталды.

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева және Абай аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Есімхан Бертаев білім ордасының ұжымын алдағы науқанға жұмыла атсалысуға шақырды.

Өз кезегінде сөз алған колледж директоры Гүлзат Искакова бүгінгі таңда білім ордасында 2 мыңға жуық студент 175 оқытушы бар екенін тілге тиек етті. Білім ордасының басшысы маусым айында өтетін референдумға өз ұжымының атынан бір кісідей атсалысуға күш салатынын жеткізді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.