РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ АСАРЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Асар шағынауданының тұрғындары бүгін №138 орта мектебіне жиналды. Кездесу ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевтың сенімді өкілдері Нұрлан Бекназаров, Берік Бекжанов, Оразкүл Асанғазықызы, Нұрғазы Бұхарбай, Дастан Башировпен өтті. Келгендердің мақсаты бір. Тұрғындарға Тоқаев сайлауалды бағдарламасын таныстыру, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу. Спикерлер үміткердің сайлауалды бағдарламасындағы негізгі тармақтарға жеке-жеке тоқталды.
«Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» деп аталатын сайлауалды бағдарламасында барлық сала мен бағыт тегіс қамтылған. Халықтың әлеуметтік қауқарсыз топтарын қосымша қолдау үшін 2024 жылдан бастап коммуналдық қызметке жұмсалатын шығынның кемінде 30 пайызының өтемақы тетігі іске қосылады. Бұл табысы төмен отбасыларға ең қажетті шығындардың ақысын төлеуге және коммуналдық қызметтерді үзбей алуға көмектеседі, — деді өз сөзінде Оразкүл Асанғазықызы.
Қолға алынатын бағдарлар да айтылды. Мәселен, отбасының цифрлық картасы жасақталады. Ол– әртүрлі мемлекеттік органдардан мәліметтерді қамтитын, азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне қарай кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың сол не басқа түрін алуға құқықтары туралы күнделікті «электрондық хабарлаушысы». Ақпараттық жүйе мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға және жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.
Жиын соңында асарлық тұрғындар Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын қолдайтынын, сайлауға барып өз құқығын пайдаланып, үміткерге дауыс беретіндіктерін жеткізді.

#Toqaev2022

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.