«РУХТАСТАР CASES» ДИАЛОГ АЛАҢЫНДА СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының «Рухтастар Cases» диалог алаңының отырысы өтті.

Кездесу барысында студенттермен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауы талқыланды.

Диалог алаңының спикерлері Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Нарымбетов Бахадыр Мадәліұлы, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушысы хатшысы Бектаева Жанар Әлібекқызы, «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының төрағасы Жүнісбек Ердаулет Асқарұлы жастармен еліміздің алдағы кезеңге арналған дамуының негізгі бағыттары туралы пікір алмасып, сұрақтарына жауап берді.

«Жолдауда айтылған бағыттар бойынша нақты міндеттер айқындалған. Келесі жылдан бастап 100 мың жасты еңбекпен қамтитын түрлі шаралар жүзе асыру жоспары тұр. Сондықтан мемлекеттың дамуына, көзделген реформаларды іске асыруға жастар атынан бірге үлес қосуларыңыз керек. Жолдауды ел ертеңін еңселі етіп, ұлтты ұйыстыруға, әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған тарихи құжат деп айтуға толық негіз бар. Ол билік пен қоғам арасындағы диалог нығайып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асып жатқанына дәлел – деді Бахадыр Мадәліұлы.
Өз кезегінде сөз алған Жанар Әлібекқызы «AMANAT» партиясының кезектен — тыс ХХІV съезінде қабылданған жаңа Саяси тұғырнамаға тоқталып өтті. Ол негізгі идеологиялық құжат дамудың негізгі бағыттары мен саяси бірлестіктің принциптерін көрсететіндігін жеткізді.
#AMANAT
#ТоқаевпенБіргеміз

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.