С.МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері: 700 теңге қай жыртыққа жамау болмақ

Елдің тұтқасы болады деген шенді шекпенділердің ерсі қылықтары, өрескел істері атан түйенің белін қайыстырып жіберер еді, артып қойса… Әттең, іш қазандай қайнайды, күресуге дәрмен жоқ. Елі сенім артқан Елбасы осының бірін білсе, бірін білмейді. Әйтпесе, жүріс-тұрысымен, сөйлеген сөзімен халықтан алыстап бара жатқан шенеуніктерді аямас еді. Баяғыда біреу “Кіші қызым үлкен қызымнан сорақы” деген екен күйініп. Соның күйін біз де бастан кешіп отырғандаймыз, бүгінде. ҚР Еңбек және халықты әлеумет­тік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова: “Еліміздегі көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы өсті”, — деп жаһанға жар салып, көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері 15,400 ден 16,100 теңгеге өскенін сүйіншілегенін айттық. Ұлан байтақ жерді сақтап қалуда көпбалалы аналарды қолдап, қорғау алдыңғы орынға шығары анық. Онда 700 теңге қай жыртыққа жамау болмақ, Мәдина ханым? Мынау сөзің тіпті сорақы ғой. Бүгінгі таңда 16,100 теңгені көп қаржы көрген сен ғанасың ба деп қорқамын.

elana.kz

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.