Сайлаушылармен түрлі форматта кездесулер өтуде

Үгіт-насихат жұмыстары мен кездесулердің барысында бүгінгі күнге дейін «Нұротандықтар» сайлаушылардың 65 пайызын қамтып отыр. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Түркістан облыстық қоғамдық штабының басшысы Ұласбек Сәдібеков айтып өтті.

— ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облыстық қоғамдық штабы үшін бұл апта табысты өтті. Штаб мүшелері бүгінгі күнге дейін облыстың барлық қала-ауданына сапар жасап, сайлаушылармен түрлі форматта кездесулер өткізді – деді Ұласбек Сәдібекұлы. Үгіт-насихат жұмыстарына «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері де үлес қосып жатыр. Жастар үгіт материалдарын таратып, «Есіктен есікке» акциясы аясында сайлаушылардың үйіне барып, насихат жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, «5 Арманым» интернет акциясын жүзеге асыруда. Онда әрбір жас әлеуметтік желілерде бес арманын жариялап, өздерінің болашағын елдің дамуымен тікелей байланыстырып көрсетіп жатыр. Облыс бойынша «Есіктен есікке», мобилді агитациялық топтар және «Бірге» акциялары аясында 5 мыңға жуық белсенділер тобы жұмыс істеуде. Қоғамдық штабтың қабылдау бөлмелері бүгінгі күнге дейін 485 азаматты қабылдаған.

— Жалпы өткізілген үгіт-насихат жұмыстары мен кездесулердің барысында бүгінгі күнге дейін сайлаушылардың 65 пайызын қамтып отырмыз – деді штаб төрағасы. Іс-шаралар жайында БАҚ-та және әлеуметтік желілерде кеңінен ақпараттар жариялануда.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.