Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жемқорлықтың алдын алу бойынша жиын өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымымен арнайы жиын өткізді.
Іс-шараға Экология және табиғи ресурстар министрлігінің жобалық кеңсесінің әкімшісі Асқар Рахматуллин, Департамент өкілі Жазира Әлжанова және Ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері қатысты.
Департамент өкілі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы одан әрі жетілдіруге, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа құралдарын енгізуге бағытталған жұмыстардан хабардар етті.


Сонымен қатар, қатысушылардың назарына сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау шаралары күшейтілгенін мәлімдеді.
Жобалық кеңсенің әкімшісі А.Рахматуллин Министрлік тарапынан жемқорлықтың алдын алу, ашықтықты қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстардан хабардар етіп, жұмысты адал жасауға шақырды.
Айта кетейік, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РМК бас директорына, оның бірқатар бағыныстыларына, сондай-ақ Комитеттің Бухгалтерлік есеп және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысына қатысты алдау және сенімге қиянат жасау, пара беру және алу арқылы өзге мүлікті ұрлады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.