САЙРАМ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛАДЫ
Қала әкімі М.Әйтеновтің Қаратау ауданы тұрғындарымен болған есепті кездесуінде аудан әкімі Р.Мүлкеманов Сайрам тұрғын алабында атқарылатын жұмыстарды баяндады.
Оның айтуынша, 40 мыңнан астам тұрғыны бар Сайрам тұрғын алабы бүгінде 100 пайыз электр жарығымен қамтылған. Биылғы жылы «Оңтүстік Жарқ Транзит» АҚ тарапынан 7 дана трансформатор орнатылып, 11 шақырымында электр желілері жаңартылады. Бұл жұмыстар жыл соңында аяқталады деп жоспарлануда.
Аталған елді мекеннің 95 пайызы ауыз сумен, 90 пайызы табиғи газбен қамтылған. Көше саны –80. Асфальт жол саны – 41. Тас жолдар – 39.
Сайрам тұрғын алабында өткен жылы 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биыл Ю.Сареми, Ақата баба, Гагарин, Алтынсарин, Тиллаходжаев №2,3 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек, 2025 жылға дейін 40 көше орташа жөндеуден өтеді. Сонымен бірге осы жылы 3 көше жарықтандырылады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Береке Сейітжаппар