Салафилік идеология
Салафилік идеология араб елдерімен шектелмей, әлемнің көптеген аймақтарына таралған ағым. Қазақстан мұсылмандары арасында, әсіресе жастар ортасында салафилік көзқарастағы әңгімелер айтылып та қалып жатқаны жасырын емес.
Олар жастардың санасын бұзып, мәңгүртке уағыздауда. Мұны тағы да тілге тиек етпеске болмайды.
Ғаламтордың әсері. Еріккен бала ғаламторды ермегіне айналдырғандықтан, өз еркін жеңе алмаған кейбір жастарымыз шетін уағыздарды тыңдап, шала жансар «діндар» болады.
«Ештен кеш жақсы» деген, ендеше, ел ішінде адасып жүрген азаматтарымызды жат ағымдардың ықпалынан арашалап, оларды қорғау, адасқандарды ақылға шақыру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Мұхаммед пайғамбар с.ғ.с.: «Дінде шектен шықпаңдар, шектен шығу құрдымға кетіреді», – деген. Бір елді ғана емес, бүкіл әлемді алаңдатып отырған экстремистік және лаңкестік әрекеттер шектен шығушылықтың, радикалды көзқарастардың салдарынан орын алып отыр.