СӘУЛЕ ШАҒЫН АУДАНЫНДА КӨШЕЛЕРГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкентте ішкі орам көшелерін асфальттау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Соның бірі — Әл-Фараби ауданына қарасты «Сәуле» шағын ауданындағы Жаңабазар көшесі тупик 1,2, Марқакөл көшесі және Мұратбаев көшесінің жалғасы.

Арнайы әзірленген сметалық құжаттамаға сәйкес, ұзындығы 1,9 шақырым жолға жауапты мердігер мекеме «Базис К» ЖШС-і. Бүгінгі таңда мердігер мекеме асфальтбетон қабатын төсеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, аталған жұмыстар Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.