• 📌 САУРАН ЖАСТАРЫ ЕРЛАН ҚОШАНОВҚА ҰСЫНЫСТАРЫН АЙТТЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов бастаған штаб мүшелері Сауран ауданының жастарымен кездесті.

Жаңа Иқан ауылындағы «Али-Нұр» шаруа қожалығында өткен басқосуда еркін форматта ашық диалог орнады.
Ерлан Жақанұлы ауыл жастарына, диқаншы, егінші шаруаларға бағдарламадағы жастарды қолдау, ауылды дамыту бағытында атқарылатын жұмыстарды түсіндірді.

«Түркістан облысының тұрғындарына көмектесе алмасаң да, кедергі келтірмеуің керек. Бұл өңір тұрғындарының ептілігін, әрбір істің көзін таба алар еңбекқорлығын көрсетеді» деген штаб төрағасы жастарға көрсетілетін қолдауларды атап өтті.

«Қоғамдық кеңестерге жастар квотасын енгіземіз. Конкурстық негізде жас кәсіпкерлерге жылдық 2,5 пайыз жеңілдікпен несие беруді ұсынамыз, ерекше қажеттіліктері бар жас кәсіпкерлерге қосымша грант бөліп көмек береміз, креативті индустрияны дамытуды қолдаймыз»-деді Ерлан Жақанұлы.

Ал, Елнұр Бейсенбаев жастар саясаты туралы жаңа тұжырымдама мен заң қабылданатындығына тоқталды. Еліміздің барлық жас азаматының өз қабілетін толық жүзеге асыруы үшін әлеуметтік-экономикалық тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етілетіндігін айтты.

Жастар атынан сөз алған Жандос Бердалиев, Баглан Манашов, Нұрлан Амирбеков ауыл шаруашылығы техникаларын жеңілдікпен алу, кәсіпорын ашу, баспанамен қамту, жеңілдетілген несиеге қол жеткізу бойынша сұрақтар қойды. Ұсыныстарын айтып, ашық әңгімелесті.

«Біз, Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдаймыз» деп ұрандатқан жастар сайлауға белсенді қатысатындықтарын жеткізді.
Ал, кездесу соңында Ерлан Жақанұлы мен өзге де штаб мүшелерін ортаға алып сурет түсті.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

#Toqaev2022
#ДауысберТоqaev2022
#ГолосуйЗаToqaev2022

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.