САЯСИ ДАМУДЫҢ КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ӨТЕМІЗ

Бүгін қалалық мәслихат депутаттары, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық штаб мүшелері Лазиз Сулайманов және Қайрат Имашев №57 жалпы орта білім беретін білім ордасында «Бозарық» елдімекенінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Көпшілікпен бас қосудың негізігі мақсаты 5 маусымда өтетін референдумды насихаттау және Ата Заңға енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер туралы түсіндіру.

— «Алдағы күндері өтетін бүкілхалықтық референдум нәтижесінде еліміз өзінің саяси дамуының келесі деңгейіне өтеді деген болжам бар. Өйткені реформа отандық құқықтық, партиялық жүйені, мемлекеттік билік бөлінісінің принципін өзгертеді. Мәселен, қазақстандықтардың құқығын қорғауға айрықша көңіл бөлінеді. Бұрын тек мемлекеттік билік өкілдері ғана өтініш бере алатын Коституциялық кеңес енді Конституциялық сот болып қайта құрылады», — деді Л.Сулайманов.

Әрбір Қазақстандық өз құқығы мен бостандығын қорғау үшін Коституциялық сотқа жүгіне алады. Бұл ел дамуы үшін маңызды қадам. Кездесу соңында «Бозарық» елдімекені тұрғындары елдің ертеңі үшін 5 маусымда өтетін референдумға белсене қатысатындарын жеткізді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.